2019 жылдың 26 маусым күні Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ және Қызылорда облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі бойынша инспекциясының ұйымдастыруымен «Арал теңізі өңіріндегі экологиялық туризмді дамыту жолдары» тақырыбында дөңгелек стол өтті.


Іс-шара жұмысына Қызылорда облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі бойынша инспекциясы мен Барсакелмес қорығының, «Арал әйелдері» ҚБ, «Байтақ дала» ҚБ, Арал аудандық ішкі саясат бөлімі, Арал аудандық туризм және кәсіпкерлік бөлімі өкілдері қатысты. 
          

Мақсаты - Арал теңізі өңірінде туризмді, оның ішінде табиғи кешендерге минималды әсер ететін экологиялық туризмді дамыту жолдары, оның жергілікті тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына оңтайлы ықпалын тигізетін әдістерімен таныстыру.          Дөңгелек стол аясында Қызылорда облысы, оның ішінде Арал теңізі маңындағы экологиялық туризм потенциалы, қазіргі таңғы Арал өңірінің экологиялық жағдайы және оны жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан істер туралы ақпарат берілді.    
         

Отырыс қорытындысы бойынша Арал ауданында туризмді қарқынды дамыту, оның ішінде экологиялық туризмді көпшілікке тарату бойынша біріккен шаралар жоспарын құру, бірігіп жұмыс жасау бойынша Меморандум қабылдау және т.б. ұсыныстар қабылданды.