Кең далада еркін жосыған құлан – табиғаттың қайсарлығы мен еркіндігінің айқын белгісі. Шөлейт өңірдің қатал жағдайына бейімделген бұл жануар Барсакелмес қорығының табиғи байлығының ерекше өкілі болып табылады.
Құланды қорғау және оның популяциясын сақтау – Барсакелмес қорығының табиғатты қорғау қызметіндегі маңызды міндеттердің бірі.
Құлан – табиғаттың аманаты, Барсакелместің мақтанышы.










