Құрметті тұрғындар!
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы аумағында 2026 жылғы 26 наурыздан бастап өрт қауіпті кезең басталды.
Табиғатта қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз! Құрғақ шөпті жақпаңыз!
Темекі тұқылы мен сіріңкені сөндірмей тастамаңыз! Әйнек қалдырмаңыз!
Өрт байқалса:
101 нөміріне немесе 8 (724 33) 2-14-66 телефонына хабарласыңыз.
Табиғатты бірге қорғайық!
Наурыз мерекесіне орай көгалдандыру жұмыстары жүргізілді
Бүгін Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі - 2026» экологиялық акциялары аясында, сондай-ақ Наурыз мейрамының Жаңару күніне орай көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсарту, халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды насихаттау болып табылады.
Көгалдандыру жұмыстары қорықтың әкімшілік ғимараты аумағында және №292 орта мектебінің ауласында жүргізілді. Іс-шараға қорық қызметкерлері, Арал ауданының мемлекеттік емес ұйымдарының өкілдері, мектеп ұжымы, белсенді жастар мен оқушылар қатысты.
Акция барысында жалпы саны 100 дана қайың мен терек көшеттері отырғызылды. Аталған жұмыстар аумақты көркейтуге, жасыл желекті көбейтуге және экологиялық қолайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қосты.
Мұндай экологиялық іс-шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруда, туған жерге сүйіспеншілігін қалыптастыруда және экологиялық сананы дамытуда маңызды рөл атқарады. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы алдағы уақытта да табиғатты қорғауға бағытталған осындай игі бастамаларды жалғастыра береді.
https://barsakelmes.kz/kz/ory-ty-yzmeti/tabi-i-keshenderdi-or-au-yzmeti.html#sigFreeId73a2e13bc6
**Мемлекеттік инспектор – табиғат қорғаушы**
Мемлекеттік табиғи қорықтың мемлекеттік инспекторы – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды қамтамасыз ететін негізгі қызметкерлердің бірі. Инспектордың басты міндеті – қорық аумағын күзету, табиғи экожүйелерді сақтау және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын бақылау.
Мемлекеттік инспекторлар қорық аумағында тұрақты түрде патрульдік және рейдтік жұмыстар жүргізеді. Олар браконьерліктің, заңсыз мал жаюдың, өсімдіктерді заңсыз жинаудың және басқа да табиғатқа зиян келтіретін әрекеттердің алдын алады.
Сонымен қатар инспекторлар дала өрттерінің алдын алу шараларын жүргізіп, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне бақылау жасайды, ғылыми зерттеулерге қажетті алғашқы мәліметтерді жинауға қатысады. Қорық аумағында кездесетін сирек және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктердің сақталуына ерекше назар аударылады.
Мемлекеттік инспекторлардың еңбегі – табиғатты қорғау мен биоалуантүрлілікті сақтауда маңызды рөл атқарады. Олар табиғи байлықтарды болашақ ұрпаққа аман жеткізу жолында аянбай еңбек етуде
Ақбөкендердің елді мекендерге кіруі туралы
2025-2026 жылдардың қыс айларында Қызылорда облысы, Арал ауданының бірқатар елді мекендеріне ақбөкендердің (киіктердің) күйек кезеңінде кіру фактілері тіркелді.
Осыған байланысты жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды заңсыз аулау фактілерінің алдын алу, сондай-ақ елді мекендер аумағында тиісті түсіндіру және бақылау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Охотзоопром» ӨБ РМК, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ және «Арал аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау» КММ коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірлескен іс-шаралар жүргізді.
Аталған іс-шаралар аясында ақбөкендерді жемдеу, олардың адамдармен жанасуын барынша шектеу, браконьерлік әрекеттердің алдын алу және тұрақты рейдтік бақылау ұйымдастыру жұмыстары жүзеге асырылды.
*Мемлекеттік инспектордың жұмыс күні* - табиғатты қорғауға арналған табанды еңбек пен жауапкершілікке толы күн. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары күн сайын: Қорық аумағын аралап, жануарлар мен өсімдіктерді бақылап, Браконьерлік әрекеттердің алдын алып, Есеп пен бақылау жұмыстарын жүргізіп, Экологиялық түсіндіру жұмыстарын атқарады. Бұл - жай ғана қызмет емес, бұл табиғатты сүю мен қорғаудың өмір салты. Инспекторлар - еліміздің табиғи байлығын сақтауда алдыңғы шептегі жанашырлар!
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы – еліміздің мақтанышы, табиғаттың баға жетпес байлығы.
Қорық қызметкерлері күн сайын табиғатпен етене еңбек етіп, оны қорғау жолында аянбай жұмыс атқаруда.
Табиғатты сақтау – ұрпақ алдындағы борышымыз.
Біз - табиғат қорғаушылары!
Біздің серіктес — сенімді техника!
Мақсатымыз — Таза Қазақстан!
Табиғат қорғаушылар — Барсакелмес қорығының инспекторлары әр күнін далада, табиғат аясында өткізеді.
Олардың еңбегі — еліміздің жасыл болашағының кепілі.
Біз бірге табиғатты сақтаймыз!
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Барсакелмес қорығының инспекторлары тазалық жұмыстарын жүргізді
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының Сырдария өзенінің Кіші Арал теңізіне құяр сағасында орналасқан Дельта учаскесінде қорықтың мемлекеттік инспекторлары «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – табиғи аумақтың экологиялық жағдайын жақсарту, қорық аумағындағы тазалықты сақтау және қоғамда табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Тазалық жұмыстары барысында инспекторлар өзен жағалауы мен маңайдағы табиғи аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазартып, экожүйенің табиғи келбетін сақтау бағытында жұмыстар атқарды.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы жыл сайын табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті арттыру бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы бұл тазалық жұмыстары табиғатты қорғау ісіне деген жауапкершілікті арттырып, экологиялық сана қалыптастыруға ықпал етеді.
Табиғатты өрттен сақтайық
Ауа райының қатты ысып, желді әрі құрғақ болуы себепті орман мен далада өрт шығу қаупі айтарлықтай артты. Бір ғана сөндірілмеген темекі тұқылы немесе абайсыз жағылған от жүздеген гектар жерді жалынға орап, табиғатқа, жануарлар дүниесіне және адамдардың өміріне үлкен қауіп төндіруі мүмкін.
Осыған байланысты әрбіріміз сақтық шараларын қатаң ұстануымыз қажет:
Орманда және далада от жақпаңыз;
Сөндірілмеген темекіні, сіріңкені тастамаңыз;
Әйнек, шөлмек сияқты күн сәулесін үлкейтетін қоқысты қалдырмаңыз;
Өрттің алғашқы белгілерін байқасаңыз – дереу «101» немесе «112» нөміріне хабарласыңыз.
Есіңізде болсын: өрттің алдын алу – әр азаматтың қолында. Бір сәттік бейқамдық үлкен апатқа әкелуі мүмкін.
🔥Орман өрттерінің алдын алу – ортақ міндетіміз! 🔥
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы аумағында ауа райының қатты ыстық әрі құрғақ болуына байланысты өрт қаупінің 3 - 4 сынып деңгейі сақталуда.
Осыған орай, қорық аумағында орман - тоғайды қорғау және күзету шаралары күшейтіліп, тәулік бойы бақылау жүргізілуде.
Өрттің алдын алу жұмыстары көктем мезгілінен басталып, жаз бойы жалғасып келеді. Жергілікті тұрғындарға арнайы жадынамалар мен буклеттер таратылып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
🔥 Әрбіріміздің басты міндетіміз – табиғатты өрттен қорғау!
🔸Орман өрттері мен алдын алу шаралары.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы аумағында ауа райының тұрақты ыстық болуы себепті өрт қауіптіліктің 3,4 сыныбы сақталуда.
Осыған байланысты, қорық аумағында мемлекеттік орман қорын күзету және қорғау жұмыстары күшейтілуде. Өрттің алдын алу шаралары ерте көктемде басталып, жаз айында жалғасады: жергілікті тұрғындарға өрт парақшалары таратылып, газет беттерінде мақалалар жарияланып, өрттің алдын алу бойынша шаралар үздіксіз жүруде.
Жаз айларында орманда өрт шығу қаупі артатыны белгілі. Соңғы 4 ай көлемінде Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы аумағында ауа райының тұрақты ыстық болуы себепті өрт қауіптіліктің 3,4 сыныбы сақталуда.
Осыған байланысты, қорық аумағында мемлекеттік орман қорын күзету және қорғау жұмыстары күшейтілуде.
Өрттің алдын алу шаралары ерте көктемде басталып, жаз айында жалғасады: жергілікті тұрғындарға өрт парақшалары таратылып, газет беттерінде мақалалар жарияланып, өрттің алдын алу бойынша шаралар үздіксіз жүруде.
🔥🔥Жаз айларында орманда өрт шығу қаупі артатыны белгілі. Соңғы 4 ай көлемінде Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы аумағында ауа райының тұрақты ыстық болуы себепті өрт қауіптіліктің 3, 4 сыныбы сақталуда.
Осыған байланысты, қорық аумағында мемлекеттік орман қорын күзету және қорғау жұмыстары күшейтілуде.
Өрттің алдын алу шаралары ерте көктемде басталып, жаз айында жалғасады: жергілікті тұрғындарға өрт парақшалары таратылып, газет беттерінде мақалалар жарияланып, өрттің алдын алу бойынша шаралар үздіксіз жүруде.
















