«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-не жұмысқа жас мамандарды тарту туралы.

Барсакелмес қорығында барлығы 26 штат, қазіргі таңда қорыққа қызметке бос орындар болмауына байланысты қызметкерлер жұмыс орны жоқ.

«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-не жастар тәжірибесі бойынша өту үшін қандай мамандықтар қажет?

Барсакелмес қорығында жастар тәжірибесінен өту үшін эколог, орманшы, биолог, заңгер, аңшылық шаруашылығы бағытындағы мамандар өте алады.

Жоғарғы оқу орындарының студенттерін іс-тәжірибеден өткізу жөнінде.

Барсакелмес қорығында өндірістік тәжірибеден өту үшін эколог, орманшы, биолог, заңгер, аңшылық шаруашылығы бағытындағы мамандар өте алады.

Басқа мекемелер білім, дәрігерлер, ішкі істер органдары салалары әлеуметтік бағдарламалар бойынша пәтерлер алуға жеңілдіктер қаралған. «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің қызметкерлері Қызылорда облысы бойынша әлеуметтік қолдауларға енгізілмеген. Осыған байланысты қорық қызметкерлеріне қандай жеңілдіктер қарастыруға болады?

Аудандық маслихат қызметкерлері халықпен  кездесулер кезінде және «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» КБ-не әлеуметтік қолдаулар туралы   ауызша ұсыныстар жасалынған. Алдағы уақытта қорық қызметкерлеріне жеңілдіктер қарастырылады деп сенеміз.

«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы»  қызметкерлері арасында көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар бар. Осыны ескере отырып, «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» КБ арқылы жеңілдетілген сауықтыру орындарына жолдама беру мүмкіндіктері бар ма?

«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы»  қызметкерлері арасында көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» КБ арқылы жеңілдетілген сауықтыру орындарына жолдама беру бойынша ұсыныстар  беру қарастырылуда.

Қорық қызметкерлерінің жақын туыстары (ата-анасы, бауырлары, әйелі немесе күйеуі) өмірден озған жағдайда бір жолдық материалдық көмек беру мүмкіндіктері бар ма?

Қорық қызметкерлерінің жақын туыстары (ата-анасы, бауырлары, әйелі немесе күйеуі) өмірден озған жағдайда бір жолдық материалдық көмек беру белгіленген тәртіппен қарастырылады.

«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің аумағындағы бейіттерге зират етіп бару  үшін қандай жағдайлар жасалынған?

«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің аумағындағы бейіттерге зират етіп бару  үшін белгіленген тәртіппен арнайы өтініш жазу арқылы бару қарастырылған.

«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің аумағында болу туралы қандай тәртіптер бар?

«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің аумағында болу үшін Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың белгіленген заңдылықтарына сәйкес, өтініш жазып, бекітілген жарнаны төлеп, рұқсат қағаздар арқылы қорық аумағына кіру қарастырылған.

«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының» күзет аймақтарында шөп шабуға рұқсат етілген бе?

«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының» күзет аймақтарында белгіленген тәртіппен, рұқсат қағаздарын алу арқылы қарастырылған.

«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» қанша кластерлік учаскеден тұрады және қанша аумақты  алып жатыр?

«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» 3 кластерлік учаскеден тұрады: «Барсакелмес», «Қасқақұлан», «Дельта» учаскелері. Қорық аумағы 163126 га жерді құрайды.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында құстардың қанша түрі мекен етеді, олардың қанша түрі Қызыл кітапқа енгізілген?

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында сүтқоректілердің 28 түрі мекен етеді. Оның 3 түрі: Түркімен құланы Дүниежүзілік Қызыл кітапқа енгізілген. Қарақұйрық пен Шағыл мысығы ҚР-ның Қызыл кітабына енгізілген.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында өсімдіктердің қанша түрі бар және Қызыл кітапқа қанша түрі енгізілген?

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында құстардың 250 түрі мекен етеді, олардың 33 түрі Қызыл кітапқа енгізілген.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының орман қоры және орман жамылғысы қанша га?

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының орман қоры - 60532,5 га, орман жамылғысы – 41365,5 га құрайды

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділердің қанша түрі мекен етеді?

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының бауырымен жорғалаушылардың 12 түрі,  қосмекенділердің 2 түрі мекен етеді.