Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Парктер шеруі» республикалық табиғат қорғау акциясын өткізу туралы бұйрықтар мен ережелеріне сәйкес  2019 жылдың наурыз-маусым аралығында «Парктер шеруі-2019» атты табиғат қорғау акциясы ұйымдастырды.    

               

Акцияның іс-шараларын ұйымдастыру барысында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ұжымы толығымен жұмылдырылды. Қорықтың ғылым, ақпарат, мониторинг, экологиялық ағарту және экотуризм бөлімі «Парктер шеруі – 2019» республикалық табиғат қорғау акциясының жоспарын дайындап, «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ, Арал ауданы әкімінің аппараты, Арал аудандық білім бөлімі, Арал аудандық «Ішкі саясат бөлімі»ММ, Арал аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы, Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірігіп, аталған акция аясында іс-шаралар өткізудің жоспары келісіліп бекітілді.

 

Акция шеңберінде түрлі спорттық сайыстар, дәріс сабақтары, конкурстар, фестивалдар, сенбіліктер және көгалдандыру шаралары жүргізілді. Абаттандыру және көгалдандыру шараларына 2000 көшет,  Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күнінде 1000 тал көшеттері отырғызылды.

 

«Парктер шеруі – 2019» республикалық табиғат қорғау акциясы барысында 1300 буклет, 1150 үнпарақтар, 700 қалта күнтүзбелері (календарь) мен плакаттар таратылды.

 

Акция барысы БАҚ-да 14 мақала жарық көрді және 4 мәрте бейнетүсірлімдер жасалып, интернет және телеарналардан көрсетілді.

 

«Парктер шеруі – 2019» республикалық табиғат қорғау акциясы шеңберінде жүргізілген іс-шаралар туралы мақалалар Арал аудандық «Толқын» газетінде және республикалық «Экологический курьер INT», «Атамекен KZ» газет беттерінде жарық көрді.