Қоршаған ортаны қорғау күніне орай қорық қызметкерлері марапатталды

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ғылым бөлімінің қызметкерлері марапатқа ие болды.

Табиғатты қорғау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және қорықтың табиғи кешендерін сақтау бағытындағы еңбегі үшін Әнесова Фатима ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің Құрмет грамотасымен, ал Сахиев Нұртуған ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

Аталған марапаттар – қоршаған ортаны қорғау саласындағы кәсіби еңбектің, жауапкершіліктің және табиғи мұраны сақтауға қосқан үлестің жоғары бағасы.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ұжымы әріптестерін құттықтап, еңбектеріне табыс тілейді!