Сортаң цистанхе (лат. Cistanche)
🌿 Сортаң цистанхе – сұңғыла тұқымдасына жататын өсімдік. Пішіні және тіршілік формасы алдыңғы түрге ұқсас, ал систематикалық қатынаста олар туыс емес, бірақ бір типке жатады (паразит өсімдіктер). Қазақстанда кездесетін төрт түрдің ішіндегі ең көп тарағаны.
🌿 Сексеуілдің және түрлі сораңдардың паразиті. Сабағы жуан, етті, созыңқы қандауырша қабыршақтарымен және бас жағында цилиндр тәрізді гүлшоғыры ұзындығы 25 см -ге дейін. Гүлдері қос жынысты, отырыңқы, гүлжапырақтары бес бөлікті тостағаншамен тең. Күлтесі түтікті-қоңырау тәрізді ұзындығы 3,5 см -ге дейін, екі түсті, ақ түтүкті және көкшілдеу немесе сиякөк бес бөлікті сыртына қарай бүктелген. Гүлдеу мерзімі сәуір-мамырда, мамыр-маусымда жеміс береді.
🌿 Халықтық медицинада олар ертеден - ақ қан ауруларын емдеуге, асқазан-ішек жұқпалы ауруларын емдеуде қолданады.
🌿 Қытайда сортаң цистанхесінен дәрі баршаға таныс
Барсакельмес қорығының өсімдіктері
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/993-sorta-tsistankhe-s-yla-t-ymdasyna-zhatatyn-simdik.html#sigFreeIdaaf6d4e4ba