🏞️ Жыл сайын 2 ақпанда Дүниежүзілік сулы-батпақты алқаптар күнінде өткізілетін іс-шаралар бүкіл әлем жұртшылығы мен үкіметтерінің назарын біздің планетамыздың тұрақты дамуын қолдаудағы сулы-батпақты алқаптардың құндылығына аударуға арналған.
🏞️ Суда жүзетін құстардың мекендеу орны ретінде халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлер туралы конвенцияға 1971 жылы Рамсар қаласында (Иран) қол қойылды және содан бері Рамсар конвенциясы деп аталады.
Биылғы күннің тақырыбы - сулы-батпақты жерлер және адамның әл-ауқаты.
🏞️ Қазіргі уақытта дүние жүзінде 250 миллион гектардан астам аумақты алып жатқан 2400-ден астам сулы-батпақты алқаптар Рамсар халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізілген.
🏞️ Сулы-батпақты алқаптарға батпақтарды, жайылмаларды, өзендер мен көлдерді, тұзды батпақтар мен мангрлар алып жатқан жағалау аумақтарын, су астында қалған теңіз шалғындарын, маржан рифтерін және төмен толқындар кезінде тереңдігі алты метрден аспайтын теңіз аймақтарын, сондай-ақ антропогендік объектілерді қоса алғанда, тіршілік ету ортасының кең ауқымы жатады.
🏞️ Олар жер бетінің шамамен алты пайызын алып жатқанымен, сулы-батпақты жерлер барлық флора мен фауна түрлерінің шамамен 40 пайызын құрайды. Су-батпақты жерлердің биоәртүрлілігі денсаулық сақтау, азық-түлік, туризм және еңбек секторлары үшін маңызды. Су-батпақты жерлер су ресурстарын реттей отырып, адамдар, басқа экожүйелер және біздің климатымыз үшін өте маңызды. Дүние жүзіндегі миллиардтан астам адам сулы-батпақты жерлерде өмір сүреді.
Фактілер мен сандар
✅ Құрлық бетінің шамамен 6% алып жатқанына қарамастан, сулы-батпақты жерлерде флора мен фаунаның барлық түрлерінің шамамен 40% тұрады.
✅ Сулы-батпақты жерлер ормандарға қарағанда үш есе тез жоғалады.
✅ Жағалаудағы сулы-батпақты жерлер тропикалық ормандарға қарағанда көміртекті 55 есе тез сіңіреді және сақтайды.
✅ Сулы-батпақты жерлерде өсірілген күріш 3,5 миллиард адамның негізгі тағамы болып табылады.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының «Дельта» учаскесінің аумағы – 2300 га, ол – 2012 жылы халықаралық статус алып, Рамсар конвенциясының тізіміне енген Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзенінің сағасындағы 330 га құрайтын сулы-батпақты өңірлерге жатады. Зерттеушілердің мәліметтеріне сәйкес бұл аумақ 200 мыңға жуық жыл құстары мен осы жерлерде ұялайтын құстар және балықтың сирек кездесетін түрлері үшін өте маңызды.
Дельта учаскесінде өсімдіктердің 112 түрі тіркелген. Онда Қазақстанның 7 эндемик түрі бар. Сонымен қатар, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 5 түр өсімдіктер бар – қылқанжапырақты батпақгүл, қазақстандық қамыс, Пратов көкпегі, Боршов және қосжарнақты қызғалдақтар.
Дельта учаскесінде жануарлар дүниесі өте алуан түрлі. Тек насекомдардың өзінің 12 отрядтан 2000 –дай түрі кездеседі.
Барсакелмес қорығының аумағында жылдың әр-түрлі мезгілінде 250 түр құстар кездеседі, олардың 70 пайызынан астамы Дельта учаскесінде тіркелген. Учаскеде 100 түрден астам ұя салатын құстар, 10 индикаторлық түрлер және 27 Қызыл кітапқа енген түрлер бар.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/841-suly-batpa-ty-al-aptar-k-ni.html#sigFreeId53830b7b47