Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында "Қорықты танып білейік" атты ашық есіктер күні өтті. Бұл Дүниежүзілік қорықтар мен парктер күніне орайластырылған болатын. Іс-шара барысында Барсакелмес қорығының маңызы мен биоәркелкілігі туралы ақпарат берілді.
Барсакелмес қорығы - ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар тізіміне енген. Қорықтың аумағы - 163 126 га құрайды. Барсакелмес қорығы шөлді және жартылай шөлейтті "Барсакелмес" және "Қасқақұлан" кластерлік учаскелерімен қатар, сулы-батпақты өңірден тұратын "Дельта" учаскесінен құралған. Яғни, қорықта түрлі ландшафтыларды кездестіре аласыз.
Қорықтың биоәркелкілігі - 325 түр өсімдіктерден тұрады. Оның 5 түрі Қызыл кітапқа енгізілген.
Сүтқоректілерлің 28 түрі бар, 3-і Қызыл кітаптағы -құлан, қарақұйрық және шағыл мысығы. Құстардың 250 түрі кездеседі, оның 33 түрі Қызыл кітапқан енгізілген.
Барсакелмес қорығы герпетофауна, энтомофауна және ихтиофауналарымен де бай.
#барсакелмес
#барсакелмес_мтқ
#Барсакелмес_МТҚ
#барсакельмес
#барсакельмесский_гпз
#Барсакельмесский_ГПЗ
#barsakelmes
#barsakelmesnaturereserve
#barsakelmes_reserve
#barsa
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/289-d-niezh-zilik-ory-tar-men-parkter-k-ni.html#sigFreeId26dcf0c600