2025-2026 жылдардың қыс айларында Қызылорда облысы, Арал ауданының бірқатар елді мекендеріне ақбөкендердің (киіктердің) күйек кезеңінде кіру фактілері тіркелді.

Осыған байланысты жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды заңсыз аулау фактілерінің алдын алу, сондай-ақ елді мекендер аумағында тиісті түсіндіру және бақылау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Охотзоопром» ӨБ РМК, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ және «Арал аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау» КММ коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірлескен іс-шаралар жүргізді.

Аталған іс-шаралар аясында ақбөкендерді жемдеу, олардың адамдармен жанасуын барынша шектеу, браконьерлік әрекеттердің алдын алу және тұрақты рейдтік бақылау ұйымдастыру жұмыстары жүзеге асырылды.