Ол дүниежүзінде 5 миллионнан астам жақтаушысы бар, әлемнің 100-ден астам елінде жұмыс істейтін, жер бетіндегі 3000-ға жуық табиғатты қорғау және сақтау жобаларын қолдап келе жатқан әлемдегі табиғатты қорғау саласында жұмыс істейтін ең ірі тәуелсіз ұйым болып табылады.
Табиғат- адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялататыг аяулы мекен. Әр тұлға табиғат күллі тірі жанның құтты мекені, алтын бесігі, құт берекесі екенін білуге және табиғатымызды қорғап, ластануына жол бермеуге міндетті.
Осы мақсатта, “Барсакелмес МТҚ”, “Халықаралық Аралды Құтқару Қоры”, “Жастар ресурсы орталығы”, 220 орта мектептің ұжымымен бірлесіп, 11-қыркүйек “Бүкіләлемдік табиғат қорғау қорының құрылған күніне” экомарафон аясында іс шара ұйымдастырылды. Іс шара барысында “ХАҚҚ” директорының орынбасары Зауреш Жансұлтанқызы, “БМТҚ” РММ-нің ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары Гаухарбек Қарабекұлы және 220 мектеп директоры Әліби Әбілбайұлы сөз алып, өскелең ұрпаққа табиғатымызды қорғап, аялап, таза ұстауға шақырды. Ары қарай іс шарамыз оқушылардың керемет би, ән, өлең-шумақтарымен жалғасын тауып, белсенді атсалысқан ұстаздар мен оқушылар алғыс хат, сыйлықтармен марапатталды.