2022 жылдың 24 тамыз күні “Барсакелмес МТҚ” РММ және Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ұйымдастырылуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы Таймбетов Танирберген Сахиевич және Барсакелмес МТҚ-ның бірқатар қызметкеркерлері қатысты. Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдылықпен күресу болып табылады және қоғам дертіне баланған, халық пен билік арасындағы бұл қауіпті жеңуде барлығымыздың жауапкершілігіміз өте жоғары екендігі айтылып өтті. Мекеме басшысы Х.Қаниев “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл” жөніндегі жұмыстар уақытылы, заңға сәйкес атқарылуы тиіс деп дөңгелек үстелді қорытындылады.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/272-sybajlas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-bojynsha-d-gelek-stel-tkizildi.html#sigFreeIdb31936611e