Мемлекеттік табиғи қорықтың мемлекеттік инспекторы – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды қамтамасыз ететін негізгі қызметкерлердің бірі. Инспектордың басты міндеті – қорық аумағын күзету, табиғи экожүйелерді сақтау және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын бақылау.
Мемлекеттік инспекторлар қорық аумағында тұрақты түрде патрульдік және рейдтік жұмыстар жүргізеді. Олар браконьерліктің, заңсыз мал жаюдың, өсімдіктерді заңсыз жинаудың және басқа да табиғатқа зиян келтіретін әрекеттердің алдын алады.
Сонымен қатар инспекторлар дала өрттерінің алдын алу шараларын жүргізіп, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне бақылау жасайды, ғылыми зерттеулерге қажетті алғашқы мәліметтерді жинауға қатысады. Қорық аумағында кездесетін сирек және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктердің сақталуына ерекше назар аударылады.
Мемлекеттік инспекторлардың еңбегі – табиғатты қорғау мен биоалуантүрлілікті сақтауда маңызды рөл атқарады. Олар табиғи байлықтарды болашақ ұрпаққа аман жеткізу жолында аянбай еңбек етуде











