26 наурыз күні Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлері және Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімшілігі "Күш біріксе, күрес жеңілдейді" тақырыбында дөңгелек стол өткізді. Іс-шара барысында қорық және ауылдық округ аумағында өрттің алдын алу мен өртке қарсы күресу, туған өлке табиғатын сақтап қалу мақсатында браконьерліктің алдын алу және де қорық аумағының шекарасы мен қорғау аймақтарында тұрғындардың болуы туралы тақырыптар көтерілді. Осы орайда, бірігіп жұмыс жасап, үгіт-насихатты жандандыру туралы шешімге келді.