«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Арал қаласындағы №292 орта мектептің ауласына сексеуіл көшеттерін отырғызды.
Іс-шараға мектеп оқушылары да белсене қатысып, қоршаған ортаны қорғауға және табиғатты аялауға өз үлестерін қосты. Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жердің табиғатын сақтауға деген жауапкершілігін арттырады.
Табиғатты қорғау — болашаққа қамқорлық!
View the embedded image gallery online at:
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/2244-taza-aza-stan-aktsiyasy-ayasynda-k-galdandyru-zh-mystary-zh-rgizildi.html#sigFreeId6abf16406e
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/2244-taza-aza-stan-aktsiyasy-ayasynda-k-galdandyru-zh-mystary-zh-rgizildi.html#sigFreeId6abf16406e










