Арал өңірінің климаты қатал екені мәлім, жазы – аптап ыстық, қысы – желді аяз. Осы орайда, мекеме дирекциясымен қорық аумағында биотехникалық іс-шаралар, яғни қалың қарлы және қатқақ мұзды кезеңде қосымша жемдеу жүргізуі мақсатында арнайы қаржы бөлінеді. Бұл шараның негізгі мақсаты – қорықты мекен ететін Қызыл кітапқа енгізілген және сиреп бара жатқан жануарлардың қатал қыс мезгілін көктемгі кезеңге дейін санын сақтап қалу.
Жыл сайын тұяқты жануарлардың жүретін жолдары, жайылымдары мен суат көздері бар жерлерде арнайы жасалған астауларға сұлы жемі берілуде. Мемлекеттік инспекторлар және ғылыми қызметкерлер сол жерлерді бақылап мониторинг жүргізуде. Көбіне шашылған сұлы жемінің басым бөлігін қабандар келіп жеп кетуде. Кейде қойған астауларды бұзып кетіп, жаңадан жасайтын кезеңдер де болады. Мысалы, биыл 5 астау жаңадан қойылды.
Жолдың ауырлығына байланысты қорық аумағына биотехникалық іс-шара жүргізуге кемінде жолсыз жерлерге арналған 2 автокөлікпен шығады. Осы уақытта қорық аумағына толықтай бақылау жүргізіледі. Жануарлар дүниесіне бақылауды тиімді және өз дәрежесінде жүргізу үшін мемлекеттік инспекторлар аталған екі учаскеде де үздіксіз бақылау-күзету жұмыстарын жүргізеді. Сирек жануарлардың санының өсуіне және сақталуына қорық тәртібі қолайлы жағдай туғызады.