«Құландар ізімен» экомаршрутының туристік-экскурсиялық маңызы бар. Жүру сипатына қарай автомобилді және жаяу жүріс. Соқпаққа келген адам саны 5-7-нан аспауы керек. Аялдамаларды есепке алғанда жүру уақыты 10 сағат 50 минут, ұзақтығы 159 км. Жаңақұрылыс елді мекенінен басталып Ақкөл көлдер жүйесі – Бегім Ана ескерткіші – Қасқақұлан учаскесі – құмдар жотасы – Қаратерең елді мекенімен аяқталады.
Маршруттың басы Жаңақұрылыс елді мекенінен басталады, оның оңтүстік-батысынан 10 км жерде көлдер жиынтығы орналасқан. Маршрут бойында ХІІІ ғасырға жататын тарихи-мәдени ескерткіш – «Бегім ана» кесенесі бар. Бегім-ана кесенесінен теңіздің кепкен ұлтаны арқылы 33 км қашықтықтағы бұрынғы Қасқақұлан аралына жетеді. Бұрынғы Қасқақұлан аралында тұяқты жануарлардың негізгі суат көздері болып табылатын 3 су ұңғымасы орналасқан. Бұл өз кезегінде жабайы жануарларды көзбен көріп бақылап, тамашалауға зор мүмкіндік береді. Бұрынғы Қасқақұлан аралының батысында орналасқан құм жоталарды қызықтау үшін серуен құру да жоспарланған. Құм жоталарда серуендеу ұзақтығы 17 км құрайды. Осы нүктеден Ұзынқайыр, Тоқпан, Ахат аймақтары арқылы Қаратерең елді мекеніне келіп жетеді.
Соқпақтың (маршруттың) жіктемесі:
1) бағыты бойынша: туристік-экскурсиялық, ғылыми-танымдық, оқу-ағартушылық;
2) орналасу түрі бойынша: аралас - автомобильді, жаяу жүріс;
3) қолданыс уақыт бойынша: маусымдық;
4) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық;
Маршруттың жұмыс істеу мерзімі 1 сәуірден 30 маусым және 15 тамыздан 30 қазанға дейін.
Шілде айында ауа температурасының өте жоғары болуына (+40°С және одан аса) байланысты өрт қауіпсіздігі үшін рекреакциялық жүктемеге және туризмге қатаң тиым салынады. Негізгі рекреакциялық жүктеме көктемгі айларында болады (сәуір, мамыр, маусым). Күз айларында ауа-райы жағдайларына сәйкес тамыз айының ортасынан қазан айының ортасына дейін туристерді қабылдау мүмкіндігі бар. Туристердің алғашқы легі сәуір айының 1 жұлдызынан басталады. Басым көпшілігі сәуір айының 15 мен мамыр айының 25 аралығында болады.
Экскурсия экскурсоводсыз соқпақтарда жүруге тиым салынады. Маршрут Арал теңізінің кепкен табанын қамтиды. Бұл жерлер жолсыз әрі барлық маршрут бойында электр желілері, мобильді желілер жоқ.Топ мүшелері өздерімен арнайы бұйымдар: күннен және желден қорғануға бас киім, көзәйнектер, көлеңкелегіштер, ауыз су құйылған құтылар мен алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қорапшасын алып жүруі тиіс.
Маршрутта жүру жоспары
№ р/с |
Соқпақтың(маршруттың) учаскесі |
Ұзындығы, шаршы метр |
Қозғалыс уақыты |
Аялдау уақыты |
Қарап-көру алаңының, суретке түсіру пункттерінің № |
|
бастап |
дейін |
|||||
1 |
Жаңақұрылыс елді мекені |
Ақкөл көлдер жүйесі |
10 |
20 мин |
10 мин |
|
2 |
Ақкөл көлдер жүйесіндегі жаяу жүру соқпағы |
|
0,5 |
15 мин |
10 мин |
№1 |
3 |
Ақкөл көлдер жүйесі |
Бегім Ана мұнарасы |
20 |
40 мин |
20 мин |
|
4 |
Бегім Ана мұнарасы жанындағы жаяу жүрі соқпағы |
|
0,5 |
15 мин |
10 мин |
№2 |
5 |
Бегім Ана мұнарасы |
Қасқақұлан учаскесі |
33 |
1 сағ 20 мин |
10 мин |
|
6 |
Қасқақұлан учаскесіндегі жаяу жүру соқпағы |
|
2 |
60 мин |
10 мин |
№3 |
7 |
Қасқақұлан учаскесіндегі жаяу жүру соқпағы |
Қасқақұлан учаскесі |
2 |
60 мин |
|
|
8 |
Қасқақұлан учаскесі |
Құмдар жотасы |
17 |
30 мин |
10 мин |
№4 |
9 |
Құмдар жотасы |
Қасқақұлан учаскесі |
17 |
30 мин |
10 мин |
|
10 |
Құмдар жотасы |
Қаратерең елді мекені |
57 |
3 сағ 30 мин |
- |
- |
Барлығы: |
159 |
9 сағ 20 мин |
1 сағ 30 мин |
|
||
Барлығы: |
|
10 сағ. 50 мин |
|