«Таза өлке» экологиялық акциясы ұйымдастырылды
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері «Таза өлке» акциясын өткізді.
Іс-шара барысында қорық аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, табиғи ортаның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғи экожүйелерді қорғау және экологиялық жауапкершілікті арттыру.
Табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ міндет.
https://www.barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/2129-taza-lke-ekologiyaly-aktsiyasy-jymdastyryldy.html#sigFreeIddaf769b6a9










