Барсакелмес қорығында «Таза аймақ» экологиялық тазалық жұмыстары өтті
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері «Таза аймақ» акциясын өткізіп, қорық аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында қызметкерлер қорық аумағын қоқыстан тазартып, табиғи ортаның тазалығын сақтауға бағытталған жұмыстар атқарды. Мұндай шаралар қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатқа деген жанашырлықты арттыруға ықпал етеді.
Таза табиғат – ұлт денсаулығы мен болашақ ұрпақтың жарқын келешегінің кепілі. Сондықтан табиғатты қорғау және қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Барсакелмес қорығы ұжымы табиғатты аялауға бағытталған экологиялық іс-шараларға белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлесін қоса береді.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/2127-barsakelmes-ory-ynda-taza-ajma-ekologiyaly-tazaly-zh-mystary-tti.html#sigFreeId9065e2a3f5










