Сенбілік жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерінің қатысуымен кезекті сенбілік ұйымдастырылды.Сенбілік барысында қорық аумағы мен оған іргелес жерлерде санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізіліп, тұрмыстық қалдықтар жиналды, аумақ абаттандырылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған шаралар атқарылды.Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті. Осындай игі бастамалар арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғи ортаның тазалығын сақтауға және туған өлкенің көркеюіне үлес қосу көзделеді.Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты аялауға бағытталған экологиялық іс-шараларды тұрақты түрде жалғастыра береді.
View the embedded image gallery online at:
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/2125-senbilik-zh-mystary-zh-rgizildi-2.html#sigFreeId679c2c70c6
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/2125-senbilik-zh-mystary-zh-rgizildi-2.html#sigFreeId679c2c70c6










