Парктер шеруі және Таза Қазақстан аясында Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне орай Арал ауданында экологиялық шаралар ұйымдастырылып, кең көлемде көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында түрлі ағаш көшеттері отырғызылып, өңірдің жасыл қорын арттыруға бағытталған жұмыстар жүзеге асырылды. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғи тепе-теңдікті сақтау жолындағы маңызды қадам болып табылады. Мұндай шаралар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, келер ұрпаққа таза әрі жасыл орта қалдыруға мүмкіндік береді.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1924-b-kil-aza-standy-a-ash-otyr-yzu-k-nine-oraj-aral-audanynda-k-galdandyru-zh-mystary-zh-rgizildi.html#sigFreeId7bb022d3fb










