Қызылорда қаласында «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті студенттерімен «Табиғаттың болашағы – біздің қолымызда!» атты экокездесу өтті.
Іс-шара барысында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлері табиғатты қорғаудың маңызы, экологиялық жауапкершілік және жастардың қоршаған ортаны сақтаудағы рөлі туралы мазмұнды ақпарат берді. Кездесу барысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты аялаудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Кездесу соңында студенттерге табиғатты қорғауға шақыратын ақпараттық үнпарақтар таратылды. Мұндай іс-шаралар жастардың экологиялық санасын арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейді.
Табиғатты қорғау – болашаққа жасалған қамқорлық.
https://www.barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1771-tabi-atty-bolasha-y-bizdi-olymyzda.html#sigFreeId0298dcf6d1










