Қызылорда қаласында «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында Болашақ университетінің студенттеріне арналған танымдық кездесу өтті.Кездесу барысында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының мамандары табиғатты қорғаудың өзектілігі, экологиялық мәдениетті дамыту және жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігі жөнінде кеңінен мәлімет берді.Іс-шара соңында студенттерге табиғатты аялауға үндейтін арнайы ақпараттық парақшалар таратылды.Бұл кездесу жастардың экологиялық санасын қалыптастыруға және табиғатқа деген жанашыр көзқарасын арттыруға бағытталды.