"Таза Қазақстан" және "Парктер шеруі – 2026" экологиялық акциялары аясында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы құстарға қамқорлық жасауға бағытталған экологиялық іс-шараларды бастады.
Бұл жолы іс-шара Жаңақұрылыс ауылдық округіндегі №74 орта мектебінде өтті. Қорық қызметкерлері мектеп оқушыларымен бірлесіп құстарға арналған ұялар жасап, олардың табиғаттағы маңызы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Айта кету керек, бұл бастамалар "Парктер шеруі – 2026" табиғат қорғау акциясының ашылуы аясында іске асырылуда.
Құстарға ұя жасау жұмыстары наурыз-сәуір айларында бірқатар мектептермен жалғасатын болады.










