Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында 2025 жылды қорытындылау жиналысы өтті. Жиын барысында мекеменің бір жыл ішінде атқарған жұмыстары сараланып, жетістіктері мен алдағы мақсаттары талқыланды. Сонымен қатар, мекеме жанынан құрылған Үйлестіру кеңесінің де жылдық есебі тыңдалды. Кеңес тарапынан жүзеге асқан экологиялық, тәрбиелік және ақпараттық шаралардың нәтижелері баяндалып, келер жылға жоспар ұсынылды.