2026 жыл құсы деп қара сайрақ (Turdus merula) танылды. Қазақстанда құстарды сақтап қалу мәселесіне жұрт назарын аудару мақсатымен жыл сайын «Жыл символ-құсы» таңдалады. Биыл орнитологтер бұл атаққа лайық деп құстың екі түрін ұсынған, бірі қара сайрақ болса, екіншісі - баруылдауық үйрек. Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының (АСБК) мүшелерінің 65%-ы біріншісіне дауыс беріп, қара сайрақ 2026 жыл құсы атанды.Қазақстанда Turdus туысына жататын сайрақтардың 11 түрі таралған. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында 6 түрі кездеседі, соның арасында ең танымалы да - осы қара сайрақ (Turdus merula).