Лашын (лат. Falco peregrinus) - сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс.

Қазақстанда Іле алабының төменгі ағысында, Ертіс - Есіл өзендері алабында, Алакөл, Қызылтұз, Зайсан көлдері маңындағы адырларда, Алтай, Алатау, Тарбағатай тауларының бөктерлерінде кездеседі. 

Қанаты ұзын, үшкір, үстіңгі беті сұр, астыңғы жағы ақшылдау келген, көлденең қара жолақты. Көзінің астында ұзынша қос қара «мұртшасы» (қауырсыны) болады. Денесінің ұзындығы 40 - 50 см, қанаттары жайылғанда 90 - 110 см. Аяқтары қысқа, тырнақтары майысқан, өткір.

Сағатына 300 км-ге дейін жылдамдықпен ұшады. Лашын жартас, құздағы қолайлы қуысқа, қияда өскен ағаш басына ұя салады. Кейде өзге құстардың ұясын да иемденеді.

Лашын Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996).