Құм жыланы (лат. Eryx miliaris) — жалған аяқтылар тұқымдасына жататын жылан. Өте кішкентай жылан, ересектердің максималды мөлшері 60-80 см, аналықтары аталықтарға қарағанда ұзанырақ және қалың. Өмірінің көп бөлігін жерге қазып немесе шұңқырға жасырынуды жөн көреді. Табиғи реңі қоңыр құм түстес. Бұл жыландар улы емес және олжасын тұншықтыруды қалайды, кішкентай өткір тістер қорғаныс үшін көбірек қызмет етеді. Негізінен әртүрлі кеміргіштермен, құстармен және кесірткелермен, кейде ұсақ жыландармен және жас тасбақалармен қоректенеді. Кең таралған түр болып табылады. Қазақстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Иран, Ауғанстан, Қытай, Моңғолия елдерінде көбірек кездеседі.
#Барсакелмес_МТҚ
#Барсакельмесский_ГПЗ
#БМТҚ_жануарларəлемі_айдары
#рубрика_животныймир_БГПЗ
#герпетофауна
#барсакельмес
#барсакелмес
#barsakelmes
#barsakelmes_reserve #barsakelmesnaturereserve #barsa
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/319-m-zhylany.html#sigFreeId7f550a571f