Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының негізгі қызметтері:
1. Күзет қызметі. Қорықты тиімді күзетуді жүзеге асыру үшін, қазіргі жағдайға қатысты күзет қызметін басқару құрылымы дайындалған.
Қорықта толығымен активті және пассивті күзету жүйесі қолданылады. Активті күзету - мемлекеттік инспекторлардың тәулік бойы кезекшілігі, ал өрт қаупі кезеңінде уақытша өрт сөндіруші күзетшілердің болуы, бекітілген аумақты тексеру, шолу алаңдарынан көзбен шолып бақылау.
Пассивті күзет - аумақтың ең осал жерлері мен жалпы қолданыстағы жолдарда ескертпе-ақпараттық аншлагтар мен белгілер орнату.
2. Ғылыми жұмыстар жүргізу. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми қызмет мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiн зерттеу жөнiнде тұрақты жүйелi түрдегi байқаулар, Табиғат жылнамасын жүргiзудi қоса алғанда, табиғи процестердiң мониторингiн ұйымдастыру, сондай-ақ биологиялық саналуандықты сақтаудың және мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерi мен объектiлерiн қалпына келтiрудiң ғылыми негiздерi мен әдiстерiн әзiрлеу жолымен уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Экологиялық ағарту жұмыстары. Мемлекеттік табиғи қорықтардың экологиялық-ағарту қызметі келесі мақсаттарда жүзеге асады:
- Биологиялық алуантүрлілікті сақтау қызметтерін мемлекеттік табиғи қорықтардың орындауының қажетті жағдайы ретінде, жергілікті халықтың қорық ісі идеясын қолдауын қамтамасыз ету;
- Экологиялық дүниетанымды қалыптастыру мен ой-өрісті кеңейту, жергілікті қоғамдастықтар мен табиғаттың арасындағы өзара әрекеттестікті үйлестіру, жастарды туған өлкенің табиғатына деген жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу;
- Жергілікті халықты табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға оқытып, үйрету.
4. Экологиялық туризмді дамыту. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ерекше құнды экологиялық жүйелер мен объектiлердi қамтымайтын арнайы бөлiнген учаскелерде уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен реттелмелi экологиялық туризм өткiзу үшiн экскурсиялық соқпақтар мен маршруттар құру.
View the embedded image gallery online at:
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1200-barsakelmes-memlekettik-tabi-i-ory-yny-negizgi-yzmetteri.html#sigFreeIdc3d53d45cc
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1200-barsakelmes-memlekettik-tabi-i-ory-yny-negizgi-yzmetteri.html#sigFreeIdc3d53d45cc