Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын аумақтар туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қорықтарда ерекше құнды экологиялық жүйелер мен объектiлердi қамтымайтын арнайы бөлiнген учаскелерде уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен реттелмелi экологиялық туризм өткiзу үшiн экскурсиялық соқпақтар мен маршруттар құруға жол берiледi.
Іс жүзінде табиғаты бүлінбеген түрде сақталған аумақтың саны мен әр түрлілігі Қазақстанды экологиялық туризм әуесқойлары үшін ерекше қызықтыратын болады.
Қазақстан аумағында 12 ұлттық табиғи парк және 10 қорық бар.
Қазақстан географиялық орналасуының арқасында әдетте туристер әртүрлі мемлекеттерде көре алатын табиғи жерлерге бір елден көру мүмкіндігін ұсынады.
Ол - ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра тізіміне енген Орталық Қазақстан далалары мен көлдері. Ол - ландшафтар, флора мен фаунаның әр түрлілігі бойынша Альпы ауданымен оңай теңесе алатын шығыс пен оңтүстік-шығыстың тау бөктерлері мен таулары. Ол - Каспий теңізінің жағалауы - әлемдегі ірі тұйық су айдыны. Ол - фототуризмнің ең сыналған әуесқойларын қызықтыра алатын Қазақстанның оңтүстік - батыс құла далалары, ол - елдің солтүстігінде орналасқан Бурабай көлінің айналасындағы ормандар және тағы басқалары.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1190-erekshe-or-alatyn-tabi-i-auma-tarda-y-turizm.html#sigFreeIdd13ced7a88