Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының Халықаралық мәртебелері
2016 жылдың 19 наурызында ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағадарламасы бағыттаушы кеңесінің 28-ші сессиясы шешімімен Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы РММ-і негізінде құрылған Барсакелмес биосфералық резерваты ЮНЕСКО биосфералық резерваттарының Әлемдік жүйесіне енді.
Қорықтың «Дельта» учаскесі 2012 жылдың 12 қазанында халықаралық статус алған, Рамсар конвенциясының тізіміне енген Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзенінің сағасындағы 330 га құрайтын маңызды сулы-батпақты өңірлерге жатады.
2023 жылдың қыркүйегінде Барсакелмес қорығы «Тұран шөлдері» номинациясында ЮНЕСКО - ның Әлемдік және мәдени мұрасы мәртебесіне ие болды. Бұл мәртебенің басты ерекшелігі - қайталанбас табиғи кешендердің біртұтастығы мен қауіпсіздігін сақтауға қосымша кепіл болады.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1180-barsakelmes-memlekettik-tabi-i-ory-yny-khaly-araly-m-rtebeleri.html#sigFreeIdd22bbc8be9