Жалбағай (лат. Platalea leucorodia) - ескекаяқты құстар отрядының тырна-құтан түқымдасына жататын құс. Ақ құс, басында сарғылт айдары бар. Сирақтары ұзын, қара. Тұмсығы жалпақ, қалақша тәрізді. Балапаны ақ мамықты. Жыл құсы: наурыз-сәуірде келіп, қыркүйекте қайтады. Сәуірде 3-4 жүмыртқа салады. Су жәндіктерімен, олардың дернәсілдерімен, балықпен, бақамен қоректенеді. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Кейбір жерлерде бұл құсты қалбағай деп атайды. Басқа, өзіне ұқсас құстардан бір ерекшелігі - тұмсығы. Ол тік әрі ұзын, ұшы күрек тәрізді жалпақ; тұмсықтың негізі - қара, ұшы сарғыштау. Сирағы - қара түсті. Қамысты, бұталы тайыз суларды мекендейді. Топталып, шоғыр (колония) құрып тіршілік етеді. Ұясын қамысты қопаға, бұта мен ағаш басына салады. Жалбағай сирек кездесетін құс болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1177-zhalba-aj.html#sigFreeIdc5a1bf6f38