2024 жылдың 30 қазанында «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінде Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы А.Жолақанов, бас мамандар Т.Тайымбетов, А.Тамшыбай және ұжым қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Жиналыс барысында «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас директоры Х.Қаниев сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отырғандығын айта келе, оның алдын алу негізгі шарттардың бірі екенін айтты. Іс-шара барысында Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Т.Тайымбетовтің «Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды.