Қырғауыл (лат. Phasianus) - тауықтәрізділер отряды, қырғауылдар тұқымдасына жататын құс. Салмағы 1700 г-дай.Құйрығы ұзын, қоразының тілерсегінде өткір мүйіз өсіндісі бар. Мекиені қоразынан үлкен. Қоразының арқасы сарғыш, бауыры сары қызыл, мекиенінің арқасы қоңыр сары, бауыры қызыл қоңыр.
Қырғауыл - отырықшы құс. Ұясын ну қамыстың, қалың бұтаның арасына жерге салады. Сәуір-мамыр айларында 7-18 жұмыртқа салып, 21-27 күнде балапан басып шығарады. Балапандары жұмыртқадан жетіліп шығады, мамығы кепкен соң жемін өзі аулайды. Қырғауыл Еуропа, Азия құрлықтарында, Қытай, Жапонияда тараған. Қазақстанда Жетісу аймағында, Сырдария аңғары, Қызылқұм құмды алабында, Талас Алатауында кездесетін бір түрі бар.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1106-yr-auyl.html#sigFreeId5bdfc80566