Сабағы 10-80 см-лік біржылдық өсімдік шөп. Жапырақтарының саны көп, кезекті, ұзынша – үшбұрышты, төменгі бөлігінде кеңейген. Гүлдері бір жынысты, 5 аталығы бар, гүлсеріксіз аналығы бар, тығыз түйінге жиналған.
Шілді – тамыз айларында гүлдейді, қыркүйек –қазан айларында жеміс береді.
Теңізге жақын сортаңдар мен құмдарда, сондай-ақ түрлі дәрежеде сортаңданған құмайт топырақты және құмайт саз балшықты жерлерде өседі.
Қазақстан және Өзбекстанның Арал теңізінің жағалауларындағы аз таралған эндемик. Азықтық өсімдік. Саны азайып бара жатқан түр ретінде Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген. Арал теңізінің құрғауы мен жоғарғы жер асты суларының төмендеуінің индикаторы. Санының тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Арал теңізінің бастапқы кебу сатысында түрдің кең тарағаны байқалды, бірақ теңіздің бұдан әрі тартылуы бұл тоғайлардың қысқаруына әкелді. Барсакелмес қорығының аумағында қорғалады.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1080-pratov-k-kpegi-atriplex-pratovii.html#sigFreeIdd284710246