Жыланбас балық (лат. Channa argus) – алабұға тәрізділер отрядына жататын, тұщы суларда өсетін балық; ұзындығы 85 см дейін, массасы 7 кг дейін болады.
Жыланбастар тұқымдасының жалғыз өкілі. Амур су қоймасынан Сырдария су қоймасына жерсіндірілген, қазір Оңтүстік Қазақстанның көптеген тоспа жылы суаттарында мекендейді.
Әдеттен тыс сыртқы түрінен басқа, жыланбаста көптеген ерекше қасиеттер бар: солардың бірі - атмосфералық ауамен тыныс алу. Жас кезінде ұсақ омыртқасыздармен, есейе келе, балықтар, бақалармен қоректенеді.
Бұл - мешкей жыртқыш. Олардың көбеюі ең ыстық уақытта құрамында оттегі аз тоспа суаттарда өтеді.
https://barsakelmes.kz/kz/bioaluant-rlilik/zhanuarlar-d-niesi/baly-tar/1224-zhylanbas-baly-2.html#sigFreeId1ae5b8d6e7