Бозша мөңке (лат. Carassius gibelio) - тұқыттәрізділер отрядының тілікшелілер тұқымдасына жататын балық.
Шығыс Қазақстанда ірі ақпайтын суқоймаларыңда, сондай-ақ, Ертіс өзені су қоймаларыңда кең тараған.
Бозша мөңке өзінің «туысы» алтын мөңкеден ірілеу және ол салмағы жағынан 3 кг дейін жетсе, дене тұрқы 50 см дейін жетеді. Арқа қанаты ұзын болады. Жыныстық жағынан бозша мөңке 3-4 жасында жетіледі.
Уылдырық шашуды мамырдың аяғында бастап, тамызда аяқтайды. Бозша мөңке шамамен 350 мың уылдырық шашады. Бозша мөңке уылдырығын жағалаудағы өсімдіктерге, қамыс пен қоғаның түбіне, су асты шөптерге шашады.
Бозша мөңке хирономидтің ұсақ дернәсілдерімен және су өсімдіктерімен қоректенеді.