Қояндардың ішіндегі ең кішкентайы. Дене тұрқы – 39-55 см, салмағы –1.5-2.5 кг. Құлақтары ұзын, құйрығы қысқа. Денесінің арқасы мен бүйірінің түсі сұр, басының түсі күңгірттеу, денесінің төменгі жағы аппақ. Құйрығының үстіңгі жағы қара, кейде қара қоңыр, астыңғы жағы әрқашан ақ.
Негізгі мекендейтін жерлері – сексеуіл өсетін жерлер, сортаңды, құмды, бұталардың қопалары бар төбешіктер, өзен аңғарлары, тоғайлар. Мұндай жерлерде қояндар басқан соқпақтарды жыл бойы байқауға болады және дөңгелек пішінді «жаңғақтар» - тезектері көп кездеседі. Қояндардың жатақтары терең емес (5-7 см) сопақ шұңқыр; қатты топырақта ін қазбайды, бұталар қопаларында демалады. Қорықта барлық жерде кездеседі.
Белсенділігі, негізінен, ымыртты түнде, бірақ бұлтты күндері аңдар күндіз де қоректенеді.
Бір жылда құмқоян әдетте үш рет – көктемнен жаздың соңына дейін көжектейді.
https://barsakelmes.kz/kz/bioaluant-rlilik/zhanuarlar-d-niesi/143-m-koyan-lepustolai.html#sigFreeId717a7d73ca