Шағыл мысығы (лат. Felis margarita) — мысықтәрізділерге жататын түр.

Шағыл мысығы негізінен Арабия, Синай түбегінде, Сахараның солтүстік мен Пәкістанның құмды жерлерінде кездеседі. Ал Қазақстанда Маңғыстау түбегінің бұйратты құмдары мен шағылдарында және Қызылқұмды мекендейді.

Арқасы мен бүйірі құм түстес сарғыш, денесінде айқын емес қара жолақтары болады. Құйрығының ұшы қара қоңыр. Құлағы үшбұрышты, самай сақалы жақсы көрініп тұрады. Табандарындағы тарақ тәрізді қалың қылшықтары олардың құмда еркін жүруіне мүмкіндік береді. Қоныс тепкен жерлерінде ін қазады, кейде түлкі, қарсақтың ескі індерін де пайдалана береді. Қорегін аулауға түнде шығады. Шағыл мысығытар ақпан-наурыз айларында шағылысып, аналығы сәуір-мамырда 2-5 (көбінесе 3) жас мысық туады.

Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген