Дене тұрқы - 58-73 см, құйрығының ұзындығы – 37-50 см, салмағы –
3,5-6,4 кг. Терісінің түсі қызғылт-жирендеу болып, жирен және қара реңкті қоңырқай түске дейін түрленеді. Тамағы мен төсі ақ. Құйрығы үлпілдек, түсі ақ-сары, ұшы ақ. Құлақтарының сыртқы жағы қара және күңгірт-қоңыр.
Негізгі мекендейтін жерлері – тоғайлы, қамысты, бұталы қопалар. Осы жерде түлкі өз інін қазады. Қорықта барлық жерде кездеседі.
Бұл аңдар көбіне ымыртта және түнде белсенді, бірақ азық жетіспегенде күндіз де кездеседі.
Іздері қасқырдың ізіне ұқсас, бірақ айтарлықтай кіші. Түлкінің қадам басу ұзындығы 20-30 см. Нәжісі сопақша, диаметрі 1,5-2 см, ені 5-10 см. Шығаратын дыбысы – қанжырдың шақырған айғайына ұқсас, көбіне күйлеу кезінде (қаңтар-ақпанда).
https://barsakelmes.kz/kz/bioaluant-rlilik/zhanuarlar-d-niesi/128-t-lki-vulpes-vulpes.html#sigFreeId9e457c0c96