Орыс тікенбұта
Lycium ruthenicum
Тіршілік формасы. Бұта.
Морфологиялық сипаттамасы. Бұтақты, жалаңаш, өркендері, тікенектері бар биіктігі 2 м дейін жететін тікенекті бұта. Бұтақтары жазылған, тармақтары түйінді. Жапырақтары отырма, көкшіл сұр, қалың. Гүлдері жалғыз немесе жапырақтармен бірге түйінделген; тәжі кеңейтілген шұңқыр тәрізді, қызғылт шеті қайырылған. Жемістері қара түсті.
Сәуір-маусымда гүлдейді. Жемістері маусымда-қарашада піседі.
Экологиясы: өзен аңғарында, арықтардың бойымен, сор, құмды, саз бөктерде өседі,
Ескертпе: Жемістер асқазанның түйілуі, сары ауру ауырған, ауыр демалған кезде, сондай-ақ іш өткізетін, өт айдайтын дәрі ретінде пайдаланылады.
P.s. мәліметтер Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының биоалуантүрлілігіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардан алынған
#Барсакелмес_МТҚ
#Барсакельмесский_ГПЗ
#рубрика_растительныймир_бгпз
#бмтқ_өсімдіктерəлемі_айдары
https://barsakelmes.kz/kz/bioaluant-rlilik/simdikter-lemi/228-orys-tikenb-ta.html#sigFreeId325282d914