Көкнәр – көкнәрлар тұқымдасына жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдік.  Қазақстанда далалы,шөлейт және таулы аудандарда тараған 11 түрі бар. Ең маңызды сортына дәрілік Апиын көкнәрі жатады, ол Қазақстанның оңтүстік мен таулы аудандарда өседі. Оның піспеген қауашағының шырынынан дәрі алынады. Піскен Көкнәр тұқымында алкалоид болмайды, бірақ майы көп (55%). Көкнәрдің биіктігі 20 – 90 см.

Сабағы жіңішке, түкті жапырағы жалпақ, гүлдері ақ, сары, қызыл қызғылт, гүл сағағы ұзын, олар шар тәрізді гүлшоғырына топталған. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Көкнәрда сүт тәрізді ақ шырын болады. Сондай-ақ республикада тоты Көкнәрін (P. pavonіnum) бояу өндірісінде пайдаланады. Егістікте арамшөп ретінде  сеппе  Көкнәр кездеседі.
#Барсакелмес_МТҚ
#Барсакельмесский_ГПЗ
#рубрика_растительныймир_бгпз
#бмтқ_өсімдіктерəлемі_айдары