Тіршілік формасы. Жартылай бұта.

Морфологиялық сипаттамасы. Биіктігі 5-25 см өсімдік, астындағы бұтақшалары ағаш сияқты, қатты жайылған және жерге тараған, көптеген ақшыл немесе көкшіл сұр-жасыл, цилиндрлі мүшелі және қалың, өз ұзындығының жартысына тең, өз кезегінде айқасқан жұп болып жайылған, көбінесе
5-12 ұзартылған (40 мм дейін), кейде өте қысқартылған (2-3 мм дейін) буынаралықтардан тұратын жалаңаш біржылдық өскінділері өсетін бұтақтары бар.

Жапырақтары қалың, астыңғылары мен ортаңғыларының ұзындығы 2-5 мм, жартылай цилиндрлі, жоғарғы бөлігінде сәл кеңейтілген, доғалдау, әдетте доғал тәрізді артқа қайырылған, көбінесе, өте қысқа, оңай түсіп қалатын түгі бар; үстіңгілері онша дамымаған; ілмешекті кең, қабыршақты, жұмыртқа тәрізді – үш қырлы, доғалдау. Ілмешектері кең, қабыршақ тәрізді, жұмыртқа тәрізді – үш қырлы, доғалдау, масақ тәрізді гүлшоғырға жиналған. Гүлдері дара, бүйірлерден масақ тәрізді гүлшоғырға жиналған кең жұмыртқа тәрізді, шөпті, доғалдау, қысқа гүл жапырақшалары бар. 

Аталық жіпшелері дисктің жұмыртқа тәрізді, қалың, безді-кірпікті қалақшаларымен кезектеседі. Гүлсеріктің жапырақшалары жарғақты, доғалдау, олардың 3-еуі дөңгелек-сопақ, 2 - сопақша-сопақ, жемістер кезінде шамамен өзгермейді және қанаттары дамымайды. Жемістері кең жұмыртқа тәрізділер, шырынды, қызыл, үнемі гүлсеріктен сәл ғана асады.

Гүлденуі. Тамыз-қыркүйек.

Экологиясы. Сор жер, шөл тақыр тәріздес ценоздар, томпиған сор жерлер.

 

P.s. мәліметтер Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының биоалуантүрлілігіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардан алынған

#Барсакелмес_МТҚ
#Барсакельмесский_ГПЗ
#рубрика_растительныймир_бгпз
#бмтқ_өсімдіктерəлемі_айдары