Қара сексеуіл
Haloxylon aphyllum
Тіршілік формасы. Ағаш.
Морфологиялық сипаттамасы. Ірі бұта, көбіне ағаш, кейде биіктігі 7-10 м дейін жетеді. Сексеуілдің діңі бұжыр, көп тармақталған, қабығы күңгірт сұр, үлкен ағаштардың диаметрі 50-70 см дейін болады. Жаңа бұтақтары жіңішке, ақшыл сұр, біржылдықтары – жасыл, қанық, шөптесін. Ірі ағаштардың бұтақтарының ұшы жоғарыдан төмен қарай салбырап тұрады. Сексеуілдің көлеңкесі болмайды. Жапырақтары дамымаған, түрі дөңес немесе қабыршақты. Гүлдері кішкентай, қос жынысты, жапырақ ілмешектерінің тостағанша тәрізді қолтықшаларында бір-бірден орналасқан.
Гүлденуі: сәуір-маусымда, қыркүйекте жеміс салады.
Экологиясы: Шөлдерде өседі. Сүзу қабілеті жоғары құмайт және балшықты сұр топырақта, әсіресе жерасты суы 5-30 м тереңдікте жатқан жерлерде өседі. Тақырларда және тақыр тәрізді сұр топырақта кездеседі, бірақ бұл жерде бұталары сирек болады.
Ескертпе: азықтық өнімділігі жоғары болуымен ерекшеленетін (әсіресе түйелер жақсы жейді) сексеуілді жайылымды қорғау белдеулері түрінде өңдеген кезде белдеу аумағына іргелес жайылымдық өсімдіктердің азықтық массасының өнімділігі артады. Сүрегі отын ретінде пайдаланылады. Топырақты қатайтын жақсы өсімдік болып табылады.
P.s. мәліметтер Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының биоалуантүрлілігіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардан алынған
#Барсакелмес_МТҚ
#Барсакельмесский_ГПЗ
#рубрика_растительныймир_бгпз
#бмтқ_өсімдіктерəлемі_айдары