2019 жылдың наурыз айынан бастап «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының» кеңсе аумағында Қазақстан Республикасындағы Жапон елшілігінің «Шөп тамыры» бағдарламасы аясында «Байтақ дала» қоғамдық бірлестігімен «Арал теңізі маңындағы шөлейтті учаскелерді кешенді игерудің әдістерін демонстрациялау бойынша орман тәлімбағын құру» жобасы іске асырылуда.
Бұл жобаның мақсаты - жасыл технологияларды (күн-жел энергиясы және тамшылатып суару) қолдана отырып, питомник құру.
Сонымен қатар деградацияға ұшыраған, шөлейтті аумақтарды кешенді дамыту үшін ресурстарды үнемдеу әдістерін көрсету және танымал ету, жасыл жолақтарды тиімді құру бойынша әдістемелік, ғылыми және технологиялық ұсыныстарды одан әрі дамыту кіреді.