27 шілде күні Қазақстан Республикасы Премьер-министрі А. Маминнің бастамасымен басталған #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы аясында Қамбаш көлі маңын қоқыстан тазарту үшін сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Аталмыш акцияға Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлеріде өз үлестерін қосты. Барсакелместіктерден бөлек акцияға Арал аудандық әкімдігі аппараты, Арал аудандық ішкі саясат бөлімі, Арал аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі, Арал ауданы бойынша орман және жануарлар дүниесін қорғау КММ, Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімдігі, Жетес би ауылдық округі әкімдігі, Ақирек ауылдық округі әкімдігі, Қамыстыбас ауылдық округі әкімдігі, Арал ауданы бойынша №69,№71,№72,№82 орта мектептері ұжымы, Қамыстыбас ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі және т.б мекемелер қатысты.
Осындай акциялар табиғатты таза ұстауға ықпал етеді және де экологиялық жаңаруға жағдай жасайды. Табиғатты аялауда бір болайық!!!
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/96-senbilik-zh-mystary-zh-rgizildi.html#sigFreeId4a1a9d49ae