Бұл күн ұлттық киімге арналады. Сан ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленеді. Ұлттық киім үлгісінде пайдаланылатын былғары, жүн, киіз, мата сияқты табиғи материалдар, асыл тастар мен металдар адамға жылулық пен жайлылық сыйлаумен қатар, киім иесінің атақ - дәрежесін, байлығын көрсететін. Ұлттық киім күні - киім үлгісі арқылы әр адамға өз даралығын білдіруге, сонымен қатар Қазақстанның бірлігі мен мәдени әралуандығын танытуға мүмкіндік береді. Бұл айтулы күні Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері де мәдениетімізді дәріптеу мен дәстүрлерімізді мақтан тұтуға өз үлестерін қосты.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/875-18-nauryz-ltty-kiim-k-ni.html#sigFreeId56810da802