11 қаңтар - қорықтар мен ұлттық парктер күніне орай Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында ашық есіктер күні өткізілді.
Іс-шара барысында Барсакелмес қорығының маңызы мен биоәркелкілігі туралы ақпарат берілді.
🌿🌿🌿 Барсакелмес қорығы - ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар тізіміне енген. Қорықтың аумағы - 163 126 га құрайды. Барсакелмес қорығы шөлді және жартылай шөлейтті "Барсакелмес" және "Қасқақұлан" кластерлік учаскелерімен қатар, сулы-батпақты өңірден тұратын "Дельта" учаскесінен құралған. Яғни, қорықта түрлі ландшафтыларды кездестіре аласыз.
🌿🌿🌿 Қорықтың биоәркелкілігі - 325 түр өсімдіктерден тұрады. Оның 5 түрі Қызыл кітапқа енгізілген.
🌿🌿🌿 Сүтқоректілерлің 28 түрі бар, 3-і Қызыл кітаптағы -құлан, қарақұйрық және шағыл мысығы. Құстардың 250 түрі кездеседі, оның 33 түрі Қызыл кітапқан енгізілген.
🌿🌿🌿 Барсакелмес қорығы герпетофауна, энтомофауна және ихтиофауналарымен де бай.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/814-11-a-tar-ory-tar-men-ltty-parkter-k-ni.html#sigFreeId6336fb283a