16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Жаңақұрылыс ауылдық округі мекемелері арасында "Салауатты өмір салтын сақтаймыз" тақырыбында спорттық кең көлемде сайыс өткізілді. Сайысқа барлығы 8 команда қатысты.

Олардың ішінде "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" РММ-нің жергілікті мемлекеттік инспекторларынан құралған "Барсакелмес" командасы топ жарып, командалық сайыста жүлделі І орынға ие болды. Спорттық сайыстар нәтижесінде біздің команда төмендегіше жүлделерді де қанжығалады:
ҚОЛ КҮРЕС /ер/
1 орын
ЛӘҢГІ ТЕБУ /ер/
1 орын
АРҚАН ТАРТУ /ер/
1 орын
ВОЛЕЙБОЛ /ер/
3 орын
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!💐🎉