Құм балпағы - саршұнақтардың ең ірісі. Денесінің ұзындығы – 23-37 см, құйрығы – 7-9 см, салмағы – 600-1600 г. Денесінің жоғарғы бөлігінің бояуы құмды-сары, бүйірлері – сұрғылт-қуаңсары, қарны – ақшыл, жоса-сары түсті.
Негізгі мекендеу ортасы – саз шөлдер, шөлейттер, сондай-ақ бекітілген құм. Жусанды-бұйырғынды, жусанды-көкпекті, жусанды-астықты өсімдігі бар учаскелерді таңдайды. Қорықта барлық жерде кездеседі.
Құм балпағының індері бір-бірінен 20-50 м қашықтықта орналасады және тік және көлбеу жолдары бар. Көлбеу індерінің маңында диаметрі 2-3 м дейін және биіктігі 15-30 см жер тастандылары бар.
Құм балпағы күндіз белсенді, салқын таңертеңгі және кешкі сағаттарда аса белсенді. Кішкентай аңдар 8-9 айға созылатын жазғы-қысқы (маусымның ортасы-соңынан бастап ақпанды қоса алғанда) ұйқыға батады.
Қауіп болған кезде олар өзіне тән қалпы – тігінен тұрып, қатты ысқырады.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/794-m-balpa-y.html#sigFreeId4aac57f222